A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:226
На рассмотрении:7
Рассмотренных:219
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Құрметті Бактияр Әлтайұлы! Сізге, үлкен өтінішпен тұрғын үй жағдайы бойынша жазып отырмын. Мен тізім бойынша 350-ші болып тұрмын. Алла қаласа мамыр айдан бастап декреттік демалысқа шығамын. Қазіргі уақытқа дейін үй жалдап тұрамын. Декреттік демалыста кірісім азаятыны белгілі. Сол себепті ары қарай үй жалдап тұру қиынға соғады. Сізден тізім бойынша кезегім жеткенше (уақытша) үй беруіңізді сұраймын. Жер үй болса тіпті жақсы болар еді. Алдын-ала рахмет!

Ответ: Құрметті Лаура Кусаиновна! «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сіз, 13.04.2015 жылдан бастап бюджеттік қызметкер санаты бойынша кезекте тұрсыз, кезек ретіңіз – 450. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 тармағының, 74-бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бiрiншi кезекте алуға құқығы бар. Казіргі уақытқа коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміндегі кезегіңіз келмегендіктен, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейсіз. Барлық туындаған сұрақтар бойынша Текелі қаласы Абылай хан көшесі № 34 (әкімшілік ғимараты 5 кабинет) мекен жайында орналасқан «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келіп, немесе 4-26-48 телефонына хабарласып ақпарат алуыңызға болады.