A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:241
На рассмотрении:8
Рассмотренных:233
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Аса құрметті Бахтияр Алтаевич! Сізге, үлкен өтінішпен тұрғын үй жағдайы бойынша жазып отырамын.Мен тізім бойынша 46-шы болып тұрмын.8жыл болды тұрғаныма.Қызмет жасаймын. Қазіргі уақытқа дейін үй жалдап тұрамыз.Қазіргі замаңда өте қымбатқа түсіп тұр.Жалақымыз жалға алумен кетеді.Биығы салынған үйге іліне аламынба деген үмітпен жазып отырмын.Қиналып кеттім. Сізге қабылдауға жазылып бара алмай қалдым, жұмыстан шыға алмай. Алла берем десе деген үмітпен. Сізден үлкен өтінішпен тұрғын үй жағдайы бойынша көмек көрсетуіңізді сұраймын. Алла Сізге денсаулық берсін! Биік белестерден көріне беріңіз! Жұмысыңызға табыс және отбасыңызға тек бакыт тілеймін!

Ответ: Құрметті Айнур Секеновна! «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сіз, 08.12.2009 жылдан бастап бюджеттік қызметкер санаты бойынша кезекте тұрсыз, кезек ретіңіз – 46. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 тармағының, 74-бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бiрiншi кезекте алуға құқығы бар. Казіргі уақытқа коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміндегі кезегіңіз келмегендіктен, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша Текелі қаласы Абылай хан көшесі № 34 (әкімшілік ғимараты 5 кабинет) мекен жайында орналасқан «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен немесе 4-26-48 телефонынан ақпарат алуға болады.