A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:176
На рассмотрении:5
Рассмотренных:171
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: сәлеметсіз бе құрметті әкім! 2008 жылдан бастап бастан небір жағдай өтіп жатса да,шағынбадым,тәуелсіздікке қолдары жетіп еді бірін -бірі жеп жатыр деп басқа ұлт өкілдері күлмесін деп,2014 аяғында 2015 басында хат жолдаған едім үйім туралы әкімшіліктен жауап келді 14 январь2015 жылы біздің шаруашылыққа жатпайды сіздің айтылған үй сондықтан сот арқылы ғана шешесіз деп№ Ал нағыз сорақы қатені жіберген аддамдар әлі жұмыс істеп жатыр сіздің қол астыңызда. Кваденің айтуы бойынша бәрі "қол" қойған Досумбековтың жалған шешіміне негізінде легализацияға ол шешімнің қатысы да жоқ,өйткені ол "қағаз" жалған шешім болып шықты легализацияның печаты жоқ онда тұрған әділет басқармасының біреуі Жұмаштың сұрауы бойынша қоя салған, ал маған отказать деп жазған "шешімге" акиматтың печатын қоя салған сосын БТИ ға апарып келісім бойынша ары қарай келістіріп жіберген ал менің нағыз №3300 шешімімді нағыз легализация комиссиясының печатымен берілген,оны БТИ ға апарғанда жоқ қылып жіберді,сосын менің документтерім ары қарай заңдастырылмай қалған,1 ай сосын келіңіз деп алдап одан жыл мезгілін өткізіп барып басқа біреу легализация жасады деп ұялмай айтты Икрамова , Жұмаш деген адам нағыз алааяқ болып шықты ғой,2007 жылы мен документімді легализацияға тапсырғанда ол адам маған келіп тез ремонт жасаңыз әйтпесе алып қоямыз деген ал мен оған менің ордерім бар ол кооперативная квартира сенің ақың қанша дегенде ол тайып тұрды ,бірақ алаяқтығын іске асырды,Досумбековке жалған болса да документ жасап сосын тағыда бір квартираны қосып менің көршімнің 59 квартираны да оралман Шонкей Даулетханның сестрасының көмегімен сатып жіберді бірақ сот сол алаяқтарды жақтап шықты менің үйімді күшпен тартып аллған сияқты болып тұр ғой. Бірақ мен де қарап отырмай жан дәрмен қылып отырмын,Көмектесіп отырған Кваде оның да арты былық,комиссияда болған адамдар да былығып отырған сыңайы бар әйтпесе айтар еді ғой біздің берген решениеміз емес Досумбектегі қойыңдар ұят болады дер еді,құдайдан қорықпайды адамнан ұялмайды бәрі өтеді де кетеді кімге болса да 2 метр жер мен 20метр ақ кебін ғана тиеді ғой ана дүниеге барғанда, бай болсаң да жарлы болсаң да. Қазір прокуратура айналысып жатырмыз деген коррупция бойынша, енді мен госслужбадағы коррупция туралы да жазамын ғой тегі жазбасам болмайды кек пен ыза қайнап тұр бойымда,алаяқтарға жем болғаныма,ал соттың да бітіргені шамалы,Бәке мен Сәкелер бөгет жасап жіберді. істі дұрыс қарамады,жалған құжатпен айналысқандар жеңдік деп мәз, жеңіле қоймаспын деп мен "мәз"Ішкендері ірің жегендері желім,екі дүниеде бір қызық көрмей өтетіндеріне мен сенімдімін. Акиматта былығып отырғандар бар аттарын атамай ақ қояйын сізге жақын жүр олменің адамдар. Маған жауап беріңізші ГУВД істі қарастырып жатқан жоқ неге жауап бермейді, тағыда Бәкелер бөгет болды ма екен. Немесе мен Назарбаев қа жазу керек пе еді деп ойлап отырмын,ойым сан саққа жүгіреді не айта аласыз атқа мінер азамат ретінде.

Ответ: Сіздің өтінішіңіз қабылданып қарастырылды. 2007 жылы, мүлікті жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сай рәсімделмеген мүлікке құқықты мойындау үшін ерекше бір жолғы акция ретінде өткенін хабарлаймыз. М.М.Досумбеков Текелі қаласында жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу комиссиясына Текелі қаласы, 40 лет Победы көшесі №15 үй №60 пәтер мекен-жайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік нысанын жария ету туралы өтінішін тапсырды (ары қарай - комиссия). Комиссия М.М.Досумбековтын арызын қарастыру кезінде Текелі қалалық сотына талап арыздар түспеген, сот процесі бастамашылық етілмеген. Аталған мүлік бойынша дау-талас болмаған. Уәкілетті органдар: прокуратураның құқықтық статистика бөлімі, техникалық мүлікті түгендеу бюросы, Текелі қаласының жер қатынастары және сәулет бөлімдері мәні бойынша қарастыруға барлық кажетті ақпаратты ұсынған, соның ішінде, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы; меншік құқығына ауырпалықтардың болуы (болмауы); жер телімі туралы деректер. Арызды қарастыру кезінде комиссиямен жария ету нысаны жөнінде барлық қажетті мәліметтер анықталған болатын, ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкестендірілген болатын. Себептемелі бас тартуға негіз болған жоқ. Осыған байланысты, 2007 жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде комиссиямен оң шешім қабылданды. Осыған ұқсас Утепбергенова Анар Кенесаровнаның арызы бойынша 40 лет Победы көшесі №15 үй №60 пәтерді жария ету туралы 2007 жылдың 09 тамызы күні № 3300 шешімі қабылданған. Уәкілетті органдар оң қорытындысы бар барлық қажетті ақпаратты ұсынған. Аталған пәтер бойынша жария етуге арыз берілген деген мәліметтер жоқ болған. 2016 жылғы 06 қазанындағы Текелі қаласы сотының шешімімен 40 лет Победы көшесі №15 үй №60 пәтерді жария ету туралы комиссияның екі шешімін болдырылмаған, және одан арғы аталған пәтерге құқығы туралы дау заңнамада белгіленген тәртіпте шешілуі мүмкін екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынын 8 бабының 1 тармағына сәйкес, тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi. Сонымен қатар, Жумаш және Икрамова Текелі қаласында жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Арыз бойынша іс жүргізу шешімін алу үшін Сізге Текелі қаласының ішкі істер бөліміне жүгіну қажет.