A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:249
На рассмотрении:4
Рассмотренных:245
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Салеметсизбе Құрметті Талғат Қанатұлы,Мен қайтыс болған əпкемнің 4 баласын қамқорлығыма алғанмын,озимизде 3 бала бар,Аллаға шүкір 7 баланың анасымын.2014ж мен сізге жағдайымды айтып алдыныздан откем.Қазір 7 баланың 6 уы мектепте оқиды,пәтер ден пәтерге көшу жолдасым екеумизге өте киын,екі жылда 6 рет пəтер ауыстыру оңай емес кой,сізден осы жағдайымызды қарастырып көмектесуіңізді өтініп сұраймын.

Ответ: Текелі қаласының жеке блогына жазған өтініш қарастырылды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сіз 2014 жылғы 12 мамырда қамқоршы ретінде Бақытжан Жанатұлы Қажибаевты, Бағжан Жанатұлы Қажибаевты, Назерке Жанатовна Кажыбаеваны және Ақниет Жанатқызы Қажыбайды жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына кезекке оларды қойғансыз, кезек реттері – 88, 89, 90, 91. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 тармағының, 74-бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бiрiншi кезекте алуға құқығы бар. Казіргі уақытқа коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміндегі кезегіңіз келмегендіктен, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша Текелі қаласы Абылай хан көшесі № 34 (әкімшілік ғимараты 5 кабинет) мекен жайында орналасқан «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен немесе 4-26-48 телефонынан ақпарат алуға болады.