A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:205
На рассмотрении:9
Рассмотренных:196
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Құрметті Бахтияр Әлтайұлы! Менің Сізге хат жолдау себебім, Достық шағын ауданындағы Толстой және Жансүгіров көшелерінің қиылысына жасалатын сенбілікке бір адамдай ат салысып, қаламызды таза ұстау мақсатында, қыстай қар астында жатқан қоқыстан арықтарды және жолдың шетін тазарттық. Алайда, жиналған қоқыстың өте көп мөлшерде болғандықтан, өз күшімізбен шығаруға шамамыз жетпеді. Сол себептен Сізден сұрайтыным ЖКХ-дан бір жүк машинасын қарастырып берсеңіз, қоқысты өзіміз-ақ тиеп жіберер едік. Осы мәселені шешуге қол ұшын созсаңыз, алдағы уақытта да осындай сенбілік шараларына ат салысып, көшелерімізді таза ұстауға күш-жігерімізді саламыз деген ойдамын.

Ответ: Сіздің Текелі қаласының әкімінің жеке блогына жазған 2017 жылдың 31 наурыздағы № 02-27-123 жолдаған хатыныз қарастырылды. Текелі қаласында өткізілген сенбіліктерге қоқыс шығаратын жүк көлігімен қамтамасыз ететін «Тұрғын үй пайдалану кешені» ЖШС-гі жауапты. Байланыс телефоны 4-27-80 хабарласуларыныз болады. Сұрақтарыңыз бойынша «Текелі қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 8(72835)4-26-48 телефонына хабарласуыңыз болады.