A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:230
На рассмотрении:5
Рассмотренных:225
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Құрметті, Бахтияр Алтайұлы!Мен көп балалы анамын қайтыс болған әпкемнің төрт баласын өз қамқорлығыма алғанмын,өзімізде үш бала бар,қазіргі жағдайда жетеуіде мектеп қабырғасында оқиды,2014 ж бастап уй тізімінде турмыз.Пәтер жалдап турамыз,улкен ұлым 11 сыныпта оқиды келесі жылы бала оқытам ба әлде пәтер жалдап көшіп қонып жүреміз ба? Уй сатып алатын жағдайымыз жоқ әзірше,ана жылы әкім ге және әкімнің көмекшісіне де бардым,жағдайыңызды қарастырамыз деп шығарып салады бірақ еш нәтиже жоқ.Қол ушін беруіңізді сұраймын,мен сізге сенім артам алдын-ала рахмет,жұмысыңыз жемісті болсын!

Ответ: Сіздің, 2016 жылдың 28 қарашасындағы № 02-27-419 Текелі қаласы әкімінің жеке блогына жазған өтінішіңіз қарастырылды.. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сіз қамқорлығынызға алған 4(төрт) бала, Кажибаев Бақытхан, Кажибаев Бағжан, Кажибаева Назерке, Кажибай Ақниет, жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ретінде 2012 жылдың 12 мамырынан бастап кезекке тұрады, кезек реттері – 87, 88, 89, 90. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 тармағының, 74-бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бiрiншi кезекте алуға құқығы бар. Казіргі уақытқа коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміндегі кезектері келмегендіктен, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 1 тармағының, 10 бабына сәйкес, Сізге берілген түсіндірме бойынша шағым жасауыңызға құқығыңыз бар.