A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:249
На рассмотрении:4
Рассмотренных:245
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Ассалаумағалайкум Бахтияр Алтайұлы?!Менің сізге қоятын сұрағым қысқа да нұсқа болады.1)Сіздердің ауруханаларыңызда анестезиология-реаниматология жəне неврология мамандығы бойынша жұмыс бар ма жəне жалақы мөлшері қандай екен?2)Ең маңызды сұрағым баспана берілеме? Өзіме келетін болсам үйленгенмін.Семей Мемлекеттік Медицина Университетін бітірген біз. Өзім қазір Аягөз қаласында анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеймін. Əйелім-невропатолог,қазір уақытша декретте.Жалдамалы үйде тұрамыз. Сол алғашқы екі сұрағым бойынша өтінішім қабылданып қарастырылатын болса,сіздердің қалаларыңызда жұмыс істеуге əзірміз.

Ответ: Құрметті Дастан! Қазіргі уақытта ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК жүйке ауруын емдеуші дәрігермен толықтырылған. Мамандандарды пәтермен қамтамасыз ету 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Бір қызметкердің жалақысы (реаниматолог-анестезиолог дәрігер, жүйке ауруын емдеуші дәрігер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының негізінде есептеледі.