A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:221
На рассмотрении:8
Рассмотренных:213
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Құрметті Бахтияр Алтайұлы. Менің үш балам бар.Жалдамалы пәтерде тұрамыз.Жолдасымның жалақысы жетпейді.Мен жұмысқа орналаса алмай жүрмін,қайда барсамда орын жоқ деп шығарып салады. Менің мамандығым "Балалар шығармашылық орталығына"сәйкес келеді.Зейнеткерлер орындарын босатпаса,жастар калай жұмысқа кірмек.Өтінемін сізден жұмысқа орналасуыма жәрдем етсеңіз.Рахмет сізге жұмысыңыз жемісті болсын

Ответ: Құрметті Айнұр Тұрашқызы! Қазіргі таңда, "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында бос орын жоқ. Сіз 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап Текелі қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрсыз. Алдағы уақытта Сіздің мамандығынызға сай бос жұмыс орындар болған жағдайда, Сізге хабардар етіп жолдайтын боламыз.