A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:249
На рассмотрении:4
Рассмотренных:245
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Құрметті ,Бақтияр Алтайұлы,менің қояр сұрағым,Рудничный ауылының мектеп жас мамандарының атынан.Жас мамандарға"Дипломмен ауылға"бағдарлама бойынша ақша беріледі деп құжаттар жинатты.Құжатты 15 ақпанға дейін өткізесіздер деп айтылды.Акиматтың эконом.бөліміне бардық.Бізді ЦОН- ға жіберді.Ақыры ол орталықта қабылдамай,қайта эконом.бөлімге жіберді . Негізі ,бізге құжаттарды ЦОН қабылдайды деп түсіндірілді.ЦОН-да ондай бағдарлама болмағандықтан,орнатып бір апта ішінде хабарласамыз делінген.Бірақ,еш хабар жоқ .Құжат тапсыру жұмыстарымен екі мәрте барып,жауапсыз қайттық.Ол ақша ,расымен,беріледі ме екен?Сізге үлкен рахмет !

Ответ: Құрметті Медет Қадірұлы! Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік қызмет «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2).«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Құрметті Медет Қадірұлы Айтказин мырза «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ – ның Алматы облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Текелі қалалық бөлімі, Сіздің 21.02.2017 жылғы сұрау хатыңызға сәйкес төмендегіні хабарлайды. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге тұруға келген денсаулық сақтау білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» бойынша құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Яғни альтернативті қызмет болып саналады. Қәзіргі таңда осы қызмет түрі ХҚКО ЫАЖ (ИИС ЦОН) бағдарламасында белгісіз техникалық себептерге байланысты қателікті көрсетіп тұр, сол себептен бұл қызмет түрін рәсімдеуге мүмкіндік жоқ. Алайда жоғарыдағы көрсетілген ақаулық бойынша Талдықорған қ. «ҰАТ» АҚ қызметкерлеріне тапсырыс берілгенін мәлімдейміз. 2018 жылдың сәуір айында көтерме жәрдемақыға қаражат қарастырылған.