A - Шрифт сайта A +

Статистика блога

Всего вопросов:249
На рассмотрении:4
Рассмотренных:245
Главная » Вопросы и ответы » Нет информации

Вопрос: Сәлеметсіз бе, құрметті Талғат Қанатұлы! Қаламызға Сіз сияқты іскер, өз ісіне адал, прогрессивті атқамінердің келуі баршамызды қуантуда. Сіздің басшылығыңызбен туған қаламыз - Текелі күннен-күнге ажарлана түсуде, қала экономикасы көтеріліп, кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны көбеюде, жаңа объектілер салынып, жұмыс орындары ашылып жатыр. Сізге алдағы уақытта үлкен табыстар мен жеңістер тілеймін! 21 тамызда Алматы облысының аудан, қалаларының мәдени күндері болып өтті. Текелі қаласының өнерпаздары ең соңында шыққаны есіңізде болар. Әртістеріміз жарқырап шығып, сахнаның сәнін келтіреді деп ойлаған едім, тамаша финал болады деп үміттендім. Бірақ, көңілімнен шықпады. Себебі: Әншілер соңында К.Нестеровтың сөзіне жазылған Д.Құрамысовтың әнін орындады. Сол ән бірінші болып мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде шырқалып, соңында қазақ тілінде орындалғаны мені өте жабырқатты. Бұл жағдай Тілдер туралы заңға қайшы екенін білерсіз. Басқа аудандар Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Конституцияның және Ассамблеяның 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы сияқты атаулы даталарға байланысты керемет көріністер қойған, біздікілер тек Жеңіс күніне байланысты көрініспен ғана шектелген. Жастарға үлгі, патриоттық тәрбие осы жерде жатыр деп ойлаймын. Қаламыздың Мәдениет саласының басы қасында жүрген азаматтар алдағы уақытта осы сын-ескертпелерді жойып, ұлттық құндылықтарымызды көбірек дәріптеу керектігін естен шығармаса екен деген тілегім бар...

Ответ: Құрметті Индира Альханова! Алматы облысы аудан, қалаларының Мәдениет күндері облыс әкімімен бекітілген қаулыға сәйкес ұйымдастырылып, әр аудан, қалаға арнайы тақырып белгіленеді. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына Қазақ Елінен сан мыңдаған жауынгер аттанып, туған жерімізді, елімізді ерлікпен қорғап, майдан даласында қаза тапты. Қазақтан шыққан Бауыржан мен Рақымжандай, Әлия мен Мәншүктей хас батырларымыз өрліктің рухын асқақтатып, ерліктің даңқын аспандатты. Бүгінгі өскелең ұрпақты осынау ерлеріміздің мәңгілік өшпес ерлігінің рухымен отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Текелі қаласы биылғы мерейлі даталардан «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» тақырыбын таңдап алды. Сонымен қатар концерттік бағдарламаның прологында зұлымдық пен жақсылықтың шайқасы, азаттықты аңсаған, тәуелсіз ел болуға ұмтылған дала дүбірі заманауи бимен өрнектелді. Мерекелік концерттің шымылдығы қос тілде жазылған «Мәңгілік Ұлы Дала – Вечная Земля» К. Нестеров пен Т.Тұрлыбаеваның авторлық әнімен жабылды. Қазақ Елінің өткені мен бүгіні, кемел келешегі баяндалатын, бабалар ерлігі мен нұрлы болашағымыздың бағыты өрілген бұл ән жолдарында Тәуелсіз мемлекетіміздің мерейлі мұраты Мәңгілік Ел ұлттық идеясы, қазақстандық патриотизм, ел бірлігі, тұтастығы жырланады.